Меню

Страницы

Статья

«Интернет кеңістігіндегі діни-радикалды идеологияның жастарға ықпалы»

Күнделікті өміріміздегі болып жатқан жаңалықтармен негізінен ғаламтор арқылы хабардар болатынымыз барлығымызға айдан анық. Оның ішінде ақпараттық кеңістіктегі жаңалықтар күнделікті өмірде өз маңыздылығын күшейтіп қана қоймай, қажеттілігі жағынан алдыңғы қатарға шықты.

Сол дамыған бағыттардың бірі интернет кеңістігі. Интернетте қазіргі таңда сан-алуан түрлі дүниелерді табуға болады. Осы дүниелерге әсіресе жастарымыз әуес. Үйден шықпай сауда-сатық жасап, тіпті алыстан оқыту жүйелері арқылы жоғары оқу орындарында тәмәмдауға болады яғни барлығы қол жетімді деуге болады. Әр нәрсенің жақсы тұсымен бірге көлеңке тұсы да болады.

Соның бірі діни сауаттылық діни сауаты төмен адам дінде айтылған әрбір сөзге тез иланады, сындарлы ойламайды, мәліметтің ақ-қарасын ажыратпайды, бәрін талғамай қабылдайды. Сондықтан бұл тұрғыда кез-келген мәліметті қабылдамас бұрын ішкі сүзгіден өткізу  керектігін айтамыз.

Дін атын жамылған, теріс пиғылдарын іске асырмақ болған экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру — қоғам мүшелерінің ортақ міндеті. Жастардың рухани және діни сауатты болуы кезек күттірмес мәселелердің бірі. Сол себептен ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтау арқылы  жастардың радикалды идеологияларға иммунитетін қалыптастыру, сондай-ақ дінтанулық және құқықтық сауаттылықты арттыру басты міндетіміз болып табылады.

 

 

А.А.Кабакова

Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы

 

Дата публикации
12 декабря 2022
Дата обновления
12 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы