Меню

Страницы

Статья

«Радикалды идеология қоғам үшін қауіпті»

Радикалдық идеология кез келген қоғам мен мемлекет үшін өте қауіпті екені барлығымызға мәлім. Ол ұлтаралық, дінаралық араздықты тудырып, бірлік пен ынтымаққа сызат түсіретіні анық.
Діннің атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен, жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды.
Деструктивті діни ағымдардың басты мақсаты қоғамды ыдыратушы болып табылады. Сол себептен алдымен ата-ананың діни сауатты болғаны дұрыс. Сондай-ақ, мектепте алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізе беруіміз қажет. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары жат ағымның не екенін, олардың зияны, экстремистік және террористік топтарға алып баратын жолдар қандай екенін білуі, теріс идеологияның ықпалынан сақтану үшін діни сауатты болуы тиіс.
Адам санасын улайтын деструктивті ұйымдардың басты қаупі – бұл ортаға сенім білідіріп келген адамның дербес ойлана алу, сын көзбен қарау, өз бетінше шешім шығара алу, қалаған өмір салтын таңдау қабілеттеріне шектеу қойылады. Яғни азаматтың жеке бас бостандығы мен құқықтарына қол сұғу орын алады.
Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет.


Яхияев Ж.А
Осакаровка кентінің «Тоқа Байғозы»
мешітінің бас имамы

Дата публикации
31 октября 2022
Дата обновления
31 октября 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы