Меню

Страницы

Статья

«Конфессияаралық келісімді нығайту – маңызды міндеттердің бірі»

Көпғасырлық тарихи ке¬зеңдерде қатталған діни және мәдени көптүрлілігімен ерек¬шеленетін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Елімізде бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттер әлемдік деңгейде мойындалған.
Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Сондай-ақ, қазақ халқын олар қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды, бастысы – өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс.
Қазіргі таңда ауданымызда бірлігі мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мүддесі ортақ ұлт пен конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің басты мақсатымыз еліміздегі тыныштықты сақтау және бірлікке бекем болу деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, берекеміз тасып, бірлігіміз артып нығая түссін десек, біз халқымыздың бүгінгі таңда елімізде қалыптасқан конфессияаралық келісімді сақтап, халықтың діни сауаттылығын көтеріп, оны күшейтіп нығайтуымыз керек.


Яхияев Ж.А
Осакаровка кентінің «Тоқа Байғозы»
мешітінің бас имамы

Дата публикации
31 октября 2022
Дата обновления
31 октября 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
19 июля 2023
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
26 июня 2023
Тәуелсіздік - дін саласына да серпін берді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы