«Осакаров ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 871 шешіміне өзгеріс енгізу туралы жобасы

Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 Осакаров аудандық  мәслихатының «Осакаров ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»  2020 жылғы 24 шілдедегі  № 871 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5993 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

1.көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік               он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Осакаров аудандық

мәслихатының төрағасы                                         К.К.Саккулаков

 

 

              Осакаров аудандық мәслихатының шешіміне

 

                                                                     2 қосымша

 

              Осакаров аудандық мәслихатының

 

              2020 жылғы

              24 шілдедегі

              № 871 шешіміне                                                                                                              2 қосымша

 

 

 

 

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

 

       1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Осакаров ауданының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) темір жол және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.

 

 

 

                                                                              

 

 

 

 

Дата публикации
04 декабря 2023