«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»
2024 жылғы 27 қарашада Жастар ресурстық орталығы Покровка ауылындағы 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында волонтерліктің қоғамдағы рөлі талқыланып, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы туралы айтылды. Оқушыларға зорлық-зомбылықпен күресудің маңызы және олардың әлеуметтік бастамаларға қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Мұндай кездесулер жастардың маңызды әлеуметтік мәселелерге саналы көзқарас қалыптастыруына және қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді.
#ЗорлыққаҚарсы16Күн
#16ДнейПротивНасилия
#16DaysAgainstViolence