Ауданда жастар саясатын іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жастарды жұмыспен қамту , бос уақытын ұйымдастыру, патриоттық тәрбие беру, жастарды экологиялық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту.
Жұмыспен қамту. Ауданда жастарды жұмыспен қамту және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылдың басынан бері жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналасу бойынша кеңес алу үшін 106 адам жүгінген. Мамандар аудандағы жастардың есебін жүргізеді (3131 адам), оның 87-сі NEET санатындағы адамдар, қазіргі «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламаларын жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Мамлютка қаласының орман шаруашылығы арқылы жазғы маусымда 25 адам, қоғамдық жұмыстарға ЖРО базасында 42 адам жұмысқа орналастырылды.
Волонтерлік. Волонтерлердің жұмысын үйлестіру үшін ауданда Жастар ресурстық орталығының жанынан волонтерлік фронт офисі ашылып жұмыс істейді. Бүгінгі таңда волонтерлік қызметке 1206 адам тартылған (студенттер, жұмысшы жастар, күміс еріктілер және т.б.). Еріктілер қозғалысына аға буын өкілдерін тарту жұмыстары да жалғасуда.2021 - 2023 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамытудың жол картасы аясында ауданда «Мейірімді жандар» клубының волонтерлері волонтерлік бастамалар мен жобаларды тұрақты негізде үйлестіреді. Жұмысты жүйелеу, қандай да бір ортақ жобаларды жүзеге асыру мақсатында ауылдық округтерден келген еріктілер, бастамашыл топтар, жұртшылық арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілуде. «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасы аясында волонтерлер «Қазақ тілі қоғамымен» бірлесе отырып, орыс тілді мамандардың қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру мақсатында сабақтар өткізуде. Айына сағат саны 16 академиялық сағатты құрайды.
«Birgemiz: Saýlyq» бағытының волонтерлері зейнеткерлерге, ардагерлерге және мүгедектерге көмек көрсетуде. Олар Мамлют ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған түрлі шараларды да ұйымдастырады «Birgemiz: Taza Álem» бағытының волонтерлері жыл мезгіліне қарамастан тұрақты негізде қоршаған ортаны қорғау, көлдер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу шараларын жүргізуде. 2023 жылдың мамыр айынан бастап волонтерлар саябақтарды, алаңдарды және су қоймаларының маңындағы аумақтарды қоқыстан белсенді түрде тазартуда.
«Birgemiz: Qamqor» бағытының волонтерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар мен қарттарға қар тазалауда, кәріздерді тазалауда, бақшаларды қазуда, отын жаруда және т.б. көмектесуде. Мамлют ауданында бір жыл ішінде 120-ға жуық үй қамтылды.
«Birgemiz: Úmit» бағытының волонтерлері із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуге, апат қаупін азайтуға және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмылдырылған. 2023 жылдың жаз мезгіліне апта сайын «Үміт» бағытында «Мейірімді жандар» клубының еріктілері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» акциясын өткізуде. Акцияның мақсаты – азаматтарды өрт шығуы мүмкін қауіп туралы ескерту. Шара барысында тұрғындармен жазғы маусымда қауіпсіздік шараларын сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, еріктілер де ақпараттық буклеттер таратты.
Волонтерлік қызметті кеңінен насихаттау мақсатында аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде волонтерлердің жұмысы туралы жарияланымдар жариялануда.
Бос уақыт. Орталық жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру мақсатында жұмыс істейді. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері 2561 адамды қамтыған 129 іс-шара өткізілген. Әсіресе ірілері: «Сыбайлас жемқорлық – ешқайда апарар жол», «Жақсылық жаса» акциясы, «ТҰЛҒА БОЛ» волонтерлік бейнеролигі.