Меню

Страницы

Статья

Тілдерді дамыту

Аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді іс жүргізуде негізгі тіл ретінде пайдалануын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен әр түрлі жас топтарындағы халықты қазақ тіліне жедел оқыту. Маңызды бағыттардың бірі – байқаулар, фестивальдер, тақырыптық мерекелер және басқа да мәдени-танымдық іс-шаралар арқылы мемлекеттік тілді насихаттау.

Уақыт талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту  қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады. Оқу процесі ауылдық округтердің әкім аппараттары, ауданның жалпы білім беру ұйымдары, сондай-ақ Мамлютка қаласының ұйымдары, мекемелері мен кәсіпорындарында жүзеге асырылады. Тіл біліктілігін арттыру мақсатында тыңдаушылар жыл сайын ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтеді.

Мемлекеттік тілді үйрену және насихаттау мақсатында өткізілетін іс-шаралардың ерекше маңызы бар. Аудан көлемінде жыл сайын жастардың, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің және басқа этностардың қатысуымен байқаулар, викториналар, челлендждер мен интеллектуалды ойындар өткізіледі. Бұл бастамалар ұлтаралық келісімді нығайтуға, тіл мәдениетін дамытуға және мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыруға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңының 21-бабында көзделген талаптардың орындалуын бақылау мақсатында «Көрнекі ақпарат – қала келбеті» тақырыбында тоқсан сайын акция өткізіледі. Акция аясында қызмет көрсету және кәсіпкерлік саласы қызметкерлеріне ақпараттық материалдар — нұсқаулықтар, парақшалар, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес орысша-қазақша сөздіктер таратылып, ұсынылады. Бұл жұмыс тілдік сауаттылықты арттыруға және қоғамдық салада мемлекеттік тіл нормаларын сақтауға бағытталған.

Ұдайы ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мен аудандық мектептердің әлеуметтік желілердегі парақшаларына мониторинг жүргізіледі. Жарияланған ақпарат әдетте екі тілде ұсынылады. Тіл нормаларының қатаң бұзылуы анықталмады. Мекемелер мен нысандардың көрнекі ақпараттарындағы анықталған қателіктер жедел түрде түзетіледі.

Дата публикации
16 января 2024
Дата обновления
23 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 февраля 2024
Азаматтық бюджет
Ақпарат
13 февраля 2024
Бұқаралық ақпарат құралдары
Ақпарат
13 февраля 2024
Бюджеттік бағдарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы