Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 11 бұйрығы (бұдан әрі - бұйрық) негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жоғарыда нұсқалған бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын мерзім: 2024 жылғы 01 маусымнан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Талдау жүргізу мерзімі: 26 күнтізбелік күн, 2025 жылғы 03 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін.
Жұмыс тобының құрамы:
|
Рамазанова Алмагүл Кәкібайқызы |
- |
бөлім басшысы, топтың басшысы |
|
Бекчентаева Мадина Кадыровна |
- |
мәдениет және этономәдени бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бас маман |
|
Темірбекова Бибігүл Алтайқызы |
- |
тілдерді дамыту және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бас маман |
|
Джапабаев Әлихан Алдиярұлы |
- |
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы |
|
Мушарапова Аида Хасановна |
- |
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.
2.1. Персоналды басқару.
2.1.1. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібінің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
Бөлімде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі (бұдан әрі-Кодекс) қолданысқа енгізілген күнінен бастап жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісімен айқындалмаған.
Кодекстің 23-бабы 2-тармағы 20) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге міндетті.
Кодекстің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.
Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.
Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
Жұмыскердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді.
Осылайша, бөлім қызметкерлердің жеке еңбек дауын келісу комиссиясы мен сотқа дәйекті түрде қарау үшін жүгіну құқығына нұқсан келтіреді.
Ұсыныстар:
1) жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібін айқындау туралы бұйрық әзірлеу және қабылдау.
2.1.2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
Кодекстің 69-бабына сәйкес Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді.
Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі.
Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
Бірақ, бөлімде еңбек тәртіптемесінің ережелері жоқ.
Ұсыныстар:
2) еңбек тәртібінің ережесін бекіту туралы бұйрық әзірлеу және қабылдау.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
2.2.1. мүдделер қақтығысын бақылау және реттеу функциялары жүктелген адамның болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тікелей басшы не ұйымның басшылығы адамдардың өтініштері бойынша басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде тиісті шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.
Алайда, бөлімде мүдделер қақтығысын бақылау және реттеу функциялары жүктелген тұлға жоқ.
Ұсыныстар:
3) мүдделер қақтығысын мониторингілеу және реттеу жөніндегі функцияларды жауапты тұлғаға жүктеу.
2.3. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
2.3.2. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын комиссияның болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
Сондай-ақ, талдау барысында бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын келісім комиссиясы жоқ екені анықталды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес келісу комиссиясы – Тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 8-бабының 6-тармағына сәйкес егер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.
Келісім комиссиясы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушінің өтінішін қарайды және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған жағдайда Тапсырыс беруші уәкілетті органға жүгінеді.
Уәкілетті орган келісу комиссиясының шешімін ескере отырып, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім шығарады.
Осылайша, әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгіну құқығына нұқсан келтіріледі.
Ұсыныстар:
4) келісім комиссиясы туралы бұйрық әзірлеу және қабылдау.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Жұмыс тобының басшысы:
1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.
Бөлім басшысы А. Рамазанова
КЕЛІСІЛДІ:
|
Рамазанова Алмагүл Кәкібайқызы |
- |
бөлім басшысы, топтың басшысы |
|
Бекчентаева Мадина Кадыровна |
- |
мәдениет және этономәдени бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бас маман |
|
Темірбекова Бибігүл Алтайқызы |
- |
тілдерді дамыту және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бас маман |
|
Джапабаев Әлихан Алдиярұлы |
- |
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы |
|
Мушарапова Аида Хасановна |
- |
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |