«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысына жоба

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабы 3 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі № 70 қаулысына келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      15-тармақтың 42) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

         42) медиация саласында жүйелі жұмысты қамтамасыз ету;

         15-тармақ мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:

         43) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

         1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

         2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастыруды;

         3) заңнамада белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы тіркеуші органды хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
20 февраля 2025