
«Дәулетпеков Манас Ерболұлы 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар, 2022 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген».
Еңбек жолы 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ге «Жастар практикасы» бойынша Мамлютка қаласында жұмысқа қабылданған кезден басталды, онда 2023 жылға дейін еңбек етті.
Содан кейін, 2023 жылдан 2024 жылға дейін жеке секторда Мамлют ауданының Бексейіт ауылындағы «Бексейіт» ЖШС шеберхана бастығы лауазымында жұмыс істеді.
Одан кейін, 2024 жылы Мамлютка қаласында Солтүстік Қазақстан облысы «Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ басшысының хатшысы лауазымын атқарды.
2024 жылдың 1 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мамлютка қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы болып табылады.