Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы
Көкшетау қаласында 57 мыңға жуық жастар бар. Жастар қала халқының жалпы санының 30% -ын құрайды. Қалада 10-нан астам жастар ұйымы бар. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында барлық жобаларға қатысушылардың саны 5000-нан астам адамды құрады, 30-ға жуық жоба іске асырылды. Бұған психолог пен теологтың дәрістері мен тренингтері, Отбасы күніне арналған іс-шаралар, қарттар күніне арналған құттықтау акциялары, Қазақстан Республикасы күніне арналған іс - шаралар, жастар ісі жөніндегі комитеттер арасындағы байқауы, сондай-ақ "Жасыл Ел" жобасы (қаламызды жастар күшімен көгалдандыру арқылы студент жастарды жұмыспен қамту, жастар арасында экологиялық білім беруді насихаттау, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту жобасы) кіреді. Биыл Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығына 10 жыл толды! Осы кезеңде ЖРО қызметкерлері жастар жобаларын, жастар ұйымдарын дамыту мен қолдауда, жастардың өмірлік маңызды дағдыларын дамытуда, жастар ортасында Волонтерлік қызметті дамытуда, жас отбасылармен жұмыс істеуде және жастардың отбасылық өмірге дайындалуына көмектесуде, Көкшетау қаласы жастарының мүдделері мен қажеттіліктері негізінде түрлі бағыттар бойынша жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда үлкен жұмыс атқарды.