Меню

Страницы

Статья

Ереже

"Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы Ережелер
  1. «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келесі-Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2.  Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен, сонымен қатар осы Ережемен жүзеге асырады.

3.ииБөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және штампы болады, белгіленген үлгідегі бланкісі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес – қазынашылық органдарда есептері болады.

  1. Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға кіріседі.
  2. Бөлім егер ол Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес уәкілетті болатын болса мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға кірісу құқығына ие.
  3. Бөлім өз құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген заң тәртібімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, бөлім бастығының бұйрығымен және басқа да актілерімен рәсімделген шешім қабылдайды.
  4. Бөлім қызметкерлерінің штаттық лимиті және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  5. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 141.
  6. Бөлімнің толық атауы мемлекеттік тілде – «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – Государственное учреждение «Отдел внутренней политики города Кокшетау».
  7. Осы Ереже «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  8. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетпен жүзеге асырылады.
  9. Бөлімге «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерімен міндеттерін орындауда шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен қызметке кіріс әкелуді жүзеге асыратын құқық берілген болса, осындай қызметтен түскен кірістер, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
  1. Мемлекеттік органның міндеттері мен құқықтары және функциялары, негізгі тапсырмалары, миссиялары

 

  1. Миссиясы:

         Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әрекетті жүзеге асыру және қол ұшын беру, ақпараттандыру облысында қолжетімді және сапалы қызметтерді ұсынуға бағытталған, ұлттың қалыпты дамуы, Қазақстанның қабілеті әлемдік елге енуі, мемлекеттілікті нығайту мен азаматтарда әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру.

  1. Міндеттері:

1) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-эканомикалық, мәдени және қоғамдық – саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

3) Бөлімнің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына  жолдауының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізі басымдықтарын түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз ету;

5) өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6)   қалада ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру  бойынша практикалық ұсыныстарды, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) қаладағы ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүгізуді қамтамасыз ету;

8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

  1. Функциялары:

1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту этносаралық және конфессияралық келісім, патриоттық тәрбие беру  және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамдық топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлыққа қарсы әрекет жасау;

3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдаструшылық-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтік-эканомикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың  қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша  ұсыныстар әзірлеу;

5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру жөніндегі қалалық деңгейдегі ақпараттық топтардың қызметін ұйымдастыру, ақпараттық топтардың ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұымдармен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

7) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;

8) қаладағы қоғамдық – саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

9) қаладағы мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау;

10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды  тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық  рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысында мониторинг жүргізу;

11) концептуалдық құжаттарды  әзірлеуге, бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала әкімі  актілерінің жобаларын дайындауға және сараптауға, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бөлім құзырына кіретін мәселелерді  талдау;

12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихатпен, қала әкімінің аппаратымен бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;

  1. Құқығы мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізуге;

3) бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;

4) өңірлік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;

5) мирастық құқығы бойынша бағынысты мекемелер құру, оларға ие болу және олардың қызметтерін үйлестіруге;

6) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша  кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге құқығы бар.

7) жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шараларды қолданып және жауакершілік тартады.

8) коммерциялық емес ұйымдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырады.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  1. Бөлімді басқару бөлімге міндеттелген функциялар мен тапсырмаларды орындауға жауапкершілік алатын бөлім басшысымен жүзеге асырылады.
  2. Басшы лауазымына Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.
  3. Бөлім басшысының өкілеттігі:

1) бөлім жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;

3) бөлім қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және босатады;

4) белгіленген заңнамалық тәртіппен бөлім  қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

6) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарда бөлімнің атынан өкілдік етеді;

7) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

8)  бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніңдегі жұмыстарды бақылайды;

9) бөлімнің Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;

10) белгіленген тәртіппен қаржылық – экономикалық және шаруашылық қызметтердің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

11) заңдылықтың, бөлімнің қызметіндегі келісімшарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

13) бөлім басшысының міндетін ол болмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның орнын ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

  1. Бөлімнің мүлкі
  1. Бөлім өз мүліктерін заңнамамен қарастырылған жағдайда ғана басқара алады. Бөлімнің мүлкі оған берілген меншік, сонымен қатар мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда), Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншік иесінің қызметіне алынған есебімен құрылады.
  2. Бөлімге бекітілген мүлік, коммуналдық меншікке жатады.
  3. Бөлім қаржыландыру жоспарымен берілген ақшаға алынған өзіне бекітілген мүлікті қолдануға құқылы, егер басқасы заңнамамен бекітілген болмаған жағдайда.
  1. Бөлімді қайта құру және тарату
  1. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  1. «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

  1. Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Көкше-Меdia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бөлім басшысы                                                                              Б. Темірболат

Дата публикации
29 ноября 2023
Дата обновления
29 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 января 2024
Көкшетау қаласындағы іс-шаралар туралы ақпарат 2024 жылғы 17 қаңтар
13 декабря 2023
Көкшетау қаласындағы іс-шаралар туралы ақпарат 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы