GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
21 октября 2026
АУЫЛДАН — ӘЛЕМДІК САХНАҒА!

АУЫЛДАН — ӘЛЕМДІК САХНАҒА!

Үлкен сахнаға бастар жол Қазақстанның ауылынан басталуы мүмкін!

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық Auyl ART Fest вокалдық байқауы АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА өз талантын танытуға, өзіне сенуге және үлкен арманына бір қадам жақындауға бірегей мүмкіндік береді.

Егер сен 7 мен 18 жас аралығында болсаң, ауылда тұрсаң және ән айтуды жақсы көрсең — эстрадалық немесе танымал әнді орындап, бейнежазбаңды түсір! Өтініміңді ата-анаңмен бірге мына платформа арқылы жібер: https://art.auyl.kz/

📅 Өтінімдер 2026 жылғы 16 қазаннан - 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

Қатысу тегін.

10 октября 2026
«Lashyn Hall» мейрамханасы республикалық байқауда марапатқа ие болды

2026 жылғы 24 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында республикалық «Жарнама - тіл тазалығының көрінісі» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқауға Ақжар ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынған «Lashyn Hall» мейрамханасы қатысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен жарнамаларды сауатты әрі талапқа сай рәсімдеу бағытындағы жұмыстарын таныстырды.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша мейрамхана жүлделі ІІ орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

9 қазан күні Астана қаласында өткен республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде «Lashyn Hall» мейрамханасы Алғыс хатпен және 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Бұл жетістік - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жарнама саласында тіл нормаларын сақтау және тіл мәдениетін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

 

08 октября 2026
Ақжар ауданында «Жайдарман» фестивалі өтті

Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жайдарман» - Ақжар ауданының жастар кубогы фестивалі өтті.

Фестивальге аудан мектептерінен 6 команда қатысып, тапқырлықтарын, өнерлері мен әзіл-қалжыңға деген шеберліктерін көрсетті.

Фестиваль қорытындысы бойынша:

Бас жүлде - Бестерек орта мектебінің «Тентектер» командасы;

ІІ орын – Ұлғұлым орта мектебінің «О Бана» командасы;

ІІІ орын - Ленинград № 1 орта мектебінің «Сказочные кадры» командасы.

 «Үздік ойыншы» номинациясын «Без паники» командасының капитаны Мархат Аубакиров иеленді. Ал көрермен көзайымы жүлдесі «Құрттай» командасының ойыншысы Нұрсұлтанға бұйырды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
04 ноября 2024
Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

 

Жария талқылау 2024 жылғы «28»  қазан мен 2024 жылғы «08» қараша аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға akzhar-culture@yandex.kz) ауызша түрде де (тел. 8 71546 21282) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.

 

Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-akzhar/discussion-documents/details/562?lang=kk

 

Анықтама телефоны: 8 71546 21282.

11 июля 2024
Ақжар ауданы прокуратурасының ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов аудан тұрғындарының жеке қабылдауын өткізеді

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары!
2024 жылғы 12 шілдеде сағат 10:00-де Ақжар ауданы прокуратурасының ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов аудан тұрғындарының жеке қабылдауын өткізеді.
Жеке қабылдауға алдын-ала жазылған арналған телефондар 8(71546) 21304, 87717562605

22 апреля 2024
"Таза Қазақстан" акциясы

2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды.
8-13 сәуір «Таза өлке» деген атпен өтеді. Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды;
15-20 сәуір – «Киелі мекен» -тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады;
22-27 сәуір – «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады;
29 сәуір-4 мамыр – «Өнегелі ұрпақ» күні ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру ұйымдастырылады;
6-11 мамыр – «Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні су айдындарының айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.
Аудан тұрғындарын, қоғамдық қызметкерлерді, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін белсенді қатысуға шақырамыз.

Отбасылық саясат, "Мерейлі отбасы"
07 декабря 2023
«МЕРЕЙЛI ОТБАСЫ — 2022» ҰЛТТЫҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі — зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін — өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2022 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең ( 15 маусымнан 30 маусымға дейін).

Екінші – облыстық кезең ( 1 шілдеден 15 шілдеге дейін).

Ағымдағы жылдан бастап облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпаратты «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ сайтынан алуға болады akz_ovp@mail.ru.

Отбасылық саясат, "Мерейлі отбасы"
07 декабря 2023
«МЕРЕЙЛI ОТБАСЫ — 2021» ҰЛТТЫҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы  6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2021 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең ( 15 маусымнан 30 маусымға дейін).

Екінші – облыстық кезең ( 1 шілдеден 15 шілдеге дейін).

Ағымдағы жылдан бастап облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпаратты «СҚО Ақжар ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдение және тілдерді дамыту бөлімі» КММ алуға болады. Байланыс телефоны 8(715) 46 21282.

07 декабря 2023
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Құрметті салық төлеушілер!

«Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықтың тікелей байланысын азайту және короновирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдады.

Солай, заңды және жеке тұлғалар үшін өтінішті ұсынбай, салық есептілігін электрондық түрде табыс еткен жағдайда, салық есептілігі нысандарын табыс ету мерзімдерін 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл норма салық есептілігінің мынадай нысандарына қатысы:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандары);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысаны);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысаны);
  5. қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы жөніндегі декларация (870.00 нысаны);
  6. жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысаны);
  7. тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша декларация (912.00 нысаны);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысаны).

Камералдық бақылау жүргізу бөлігінде уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды:

  • хабарламаларды қолма-қол тапсыру;
  • камералдық бақылау хабарламаларына жауаптар/түсініктемелер (оның ішінде хабарламалардың басқа түрлері бойынша) барынша электронды түрде ұсыну қажет.
  • камералдық бақылау хабарламасының орындалмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімін ауыстыру.

Салықтық және кедендік тексерулер бөлігінде.

  • өткізілетін салықтық және кедендік тексерулер тоқтатылады;
  • ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер бойынша тексерулер 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылады.

Құрметті салық төлеушілер Сіздерді уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Толығырақ ақпарат СҚО бойынша МКД сайтында және әлеуметтік желілерінде орналасқан:

http://sko.kgd.gov.kz,

https://www.facebook.com/sko.kgd.gov.kz/;

https://vk.com/public102469003;

https://twitter.com/DGD_SKO;

https://www.instagram.com/dgdsko/

07 декабря 2023
ЭТНОТАУН — 2019

21 маусымда Петропавл қаласында «Этнотаун — 2019» жастар облыстық фестивалi өттi. Байқауға 6 команда қатысты. Оның iшiнде жас мемлекеттiк қызметшiлер қатарынан құрылған СҚО Мемлекеттiк қызмет iстерi департаментiнiң «Мемлекеттiк қызмет қырандары» командасы да бар.

Ұлттық нақыштағы конкурсанттар мереке қонақтарына ән, би және басқа да шығармашылық нөмiрлер ұсынды.

Сөз сөйлеуден басқа, қатысушылар асық және арқан тарту сияқты халық ойындарында мықтыларды анықтады. Асық ойынын Департамент командасының мүшесi Арман Қахабаев жеңдi.

Сондай-ақ, барлық қатысушылар Қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татып, Департамент «Қуырдақ» дайындады.

Шара соңында жеңiмпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Департамент командасы облыстық «Этнотаун-2019» фестивалiнде 3 орынға ие болды. 1 орын Петропавл қаласы колледждерiнiң құрама командасына бұйырды.

Айта кету керек, iс-шара «Жастар жылына» орайластырылып отыр.

Осындай iс-шараларды өткiзу жастарға рухани-адамгершiлiк тәрбие беруге ықпал етедi, парасаттылықты, Қазақстан халқының мәдениетiне құрметпен қарауды дамытады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы