«Мекен — жайтiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде аудан бойынша 24 елдi-мекен, 12 ауылдық округ және 321 әкiмшiлiк— аумақтық бiрлiктер (көше атаулары) тiркелген. Соның iшiнде қайта атуға жататындар: Ленинград ауылдық округiнiң атауы, 24 елдi-мекен атауынан Киев, Ленинград, Қызылту, Коммунизм және 321 көшенiң iшiнен 93 көше атауы моральдiк — идеологиялық тұрғыдан ескiрген болып есептеледi.
Бүгiнге дейiн 52 көшенiң, 2 елдi мекеннiң және 1 ауылдық округтiң атауын өзгерту туралы құжаттар топтамасы ономастикалық комиссияға қорытынды жасау үшiн жiберiлдi.
2020 жылға жоспар:
- «Рухани Жаңғыру» аясындағы iс-шараларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының Президентi К.Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында өткiзiлетiн iс-шаралар;
- мерейтой күндерiне арналған iс-шаралардың өткiзiлуi;
- көрермендердi қалыптастыру, мәдени нысандарда келушiлердiң санын көбейту мақсатында пiкiр-сайыс, флэш-мобтар, шығармашылық кештер, түрлi жарыстар және т.б. сияқты мәдени және бос уақытты өткiзудiң қазiргi заманға сай нысандарын пайдалануды жалғастыру;
- жас таланттарды анықтау және қолдау, шығармашылық тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру, олардың шығармашылық өсуiн қадағалау және көмек көрсету.
Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы
М.Р. Жүсiпбеков