2019 жылдың 5 айы бойынша мәдени нысандарында 950 —ден астам түрліформаттағы іс-шаралар өткізілді (кітап көрмесі, тарихи және музейлік сабақтар, мемориалдық кештер, презентация кештері, анимациялық фильмдер, арнайы бағдарламалар мен іс-шаралар және т.б.).
Клубтық мекемелермен 452 іс-шара өткізіліп, 34500 адамға қызмет көрсетілді.
Талшық ауылында «Серпер» өнер мектебінде және Ленинград, Қулыкөл ауылдарында ашылған қосымша топтарында 240 оқушы мектеп аяқтады: соның ішінде Ленинград ауылында 71 оқушы, Қулыкөлде — 23. Оқушылар домбыра, қобыз, прима, фортепиано, дәстүрлі ән, бейнелеу өнері және би сабақтарында білім алды.
Биылғы жылы кітапхана қоры 141 621 дананы құрады, соның ішінде қазақ тілінде — 58 842, мемлекеттік тапсырыс бойынша — 3447 дана кітап түсті. С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханадан 99 дана кітап сыйға берілді. Оқырмандар саны 3119 адамды, кітапханаға келушілер — 24183 адамды, берілген әдебиет саны — 56526 кітаптар мен журналдар құрады. 2019 жылға арналған мерзімдік басылымдарға жазылу — 2 млн. 43 мың теңге.
Аудандағы кітапханалармен 5100 адамды қамтыған әртүрлі тақырыптар бойынша 498 бұқаралық іс-шара өткізілді. 291 —ден астам кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тарихи-мәдени мұраның құнды артефактілерін сақтау үшін «Мұражайға қайырымдылық», «Кітапханаға кітап беру» (ерікті түрде картиналарды, кітаптарды, тарихи құжаттарды беру) қайырымдылық акциялары жарияланды. Қайырымдылық арқасында мұражай қоры 12-ге жуық экспонатпен толықты.
«Қазақстанның ежелгі географиясы» арнайы жобасын іске асыру үшін болашақта ұлттық маңызы бар нысаендар тізіміне енгізілуі мүмкін объектілерді зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл Байтайлақ батырдың, сондай-ақ Зейналгабиден Әл-Жәуһаридің жерленген жерлері. Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жұргізілуде.
Ауданда 5 ескерткіш, 4 обелиск, 9 стелла және Смағұл Сәдуақасовтың мүсіні бар.