«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41 бабындағы 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша Комитетіне ұйымның қызметі туралы қазақ және орыс тілдерде ҚР МСМ 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну ережесіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 68 бұйрығына (бұдан әрі — қағидалар) сәйкес нысан бойынша ҮЕҰ Деректер базасын қалыптастыру үшін мәлімет ұсыну қажет.
Ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: http://dvp.sko.gov.kz/page.php?page=baza_dannyh_npo&lang=2
Ақпаратты ұсынылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 489-1 бабына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Анықтама телефондары: 469517, 469888, 490212, 461458. Петропавл қаласының әкімдігі, Қазақстан Конституциясы көшесі 23, 408-кабинет қаланың ішкі саясат бөлімі; Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 4 қабат, 409 бөлме. СҚО Ішкі саясат басқармасы, қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімі.