Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту
2024-2025 оқу жылында мемлекеттік тілді оқыту бойынша 3 топтар құрылып, 45 адам қамтылған. Топтар: прокуратура, балалар мен жасөспірімдер спорт клубының, орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері білім алды. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша хабарландыру жергілікті WhatsApp топтарына және бөлімнің әлеуметтік парақшасында жарияланған.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен құрылған жұмыс тобы кәсіп субьектілерін тексеріп, көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкестендіру бойынша кәсіпкерге әдістемелік көмек көрсетуде.
Бұдан бөлек, қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттардың (маңдайшалар, жарнамалар, хабарландырулар) мемлекеттік тілде ресімделуі қадағаланады. Жастар арасында тілдік мәдениетті насихаттау және мемлекеттік тілді дамыту мақсатында түрлі шаралар өткізіліп, олардың белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.
2025 жыл бойынша мемелекеттік мекелерде мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 99% - құрайды.
Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның 13-і қазақ, 10-і аралас және 1-і орыс тілінде оқытылатын мектептер.
Мемлекеттік тілдің қолданылуын бақылау және дамыту ауданының басты басымдықтарының бірі болып табылады.