Ауданның көшелері мен елді мекендерін қайта атау туралы

Ауданның көшелері мен елді мекендерін қайта атау туралы

«Мекен-жай      тіркелімі» ақпараттық жүйесінде Ақжар ауданы бойынша  24 елді мекен, 12 ауылдық округ және 324 әкімшілік-аумақтық бірліктер (көше атаулары)  тіркелген.

Моральдық ескірген көшелер мен елді мекендерді қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілуде: 12 ауылдық округтен Ленинград ауылдық округі, 24 елді мекеннен Ленинград, Қызылту ауылдары және 12 көше атауы өзгертілуге тиіс.

2020-2023 жылдар аралығында ауданның 1 ауылдық округі (Новосельский а/о – Үлкен Қараой), 2 елді-мекені (Киевское а. – Кіші Қараой, Коммунизм а. - Баймырза) және 54 көше атауы қайта өзгертілді.

Дата публикации
12 ноября 2025