10 қыркйек күні аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Жолдауы аясында кеңейтілген отырыс өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің төрағасы, полиция бөлімінің бастығы, жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ ақсақалдар кеңесінің төрағасы қатысты.