Мерейлі отбасы-2025

Ұлттық «Мерейлі отбасы–2025» байқауы

 

Отбасылық құндылықтарды насихаттау және үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатында биыл да ауданымызда «Мерейлі отбасы–2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 5 отбасы қатысып, олардың ішінен Здуалиевтер мен Бактыбаевтар отбасы жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Облыстық кезеңге өткен отбасылардың бірі — Здуалиевтер әулеті. Бұл отбасы еңбекқорлықтың, өнер мен спорттың үйлесімділігінің жарқын үлгісі болып табылады. Отбасы басшысы Берік Здуалиев — адал мемлекеттік қызметші, белсенді спортшы, аудандық хоккей командасының ойыншысы. Оның жұбайы Мейрамгүл Здуалиева — дәстүрлі қазақ өнерінің шебері, республикалық байқаулардың лауреаты. Балалары да спорт пен шығармашылықта белсенділік танытып, отбасының үздік дәстүрлерін жалғастыруда.

Бактыбаевтар отбасы да ауыл тұрғындарының зор құрметіне ие. Отбасы басшысы Марат Бактыбаев — дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі кәсіби спортшы, аудан намысын облыстық және республикалық жарыстарда бірнеше рет қорғаған. Оның шәкірттері беделді турнирлерде жүлделі орындарға ие болып жүр. Жұбайы Зулхия Бактыбаева — табысты кәсіпкер, Ақжар ауданындағы «AVON» компаниясының менеджері, аудан орталығында алғашқылардың бірі болып косметикалық дүкен ашқан.

         Аудандық кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Петропавл қаласындағы «ДЕМЕУ» Балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» жеке коммерциялық емес мекемесі тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылды.

         Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне өңірдің түкпір-түкпірінен 100-ден астам тату әрі үлгілі отбасы қатысып, олардың 28-і финалға жолдама алды.

Байқау қорытындысы бойынша Здуалиевтер мен Бактыбаевтар отбасы облыстық кезеңге қатысқаны үшін алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.

Бұл байқау — отбасылық құндылықтарды нығайтуға және ұлттық бірлікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Мерейлі отбасы-2025
Дата публикации
14 сентября 2025