Мәдениет туралы ақпарат

Ақжар ауданының мәдениет саласы туралы ақпарат

Мәдени мекемелер желісі

Аудан аумағында 30 мәдениет нысаны бар: оның ішінде                              11 мәдениет нысаны (аудандық Мәдениет үйі - 1, ауылдық Мәдениет үйі - 4, ауылдық клуб - 5, мәдениет және демалыс орталығы - 1), 19 ауылдық кітапхана, кітап қорымен 157 554 дана (оның ішінде қазақ тілінде 73 249 дана, орыс тілінде 84 305 дана) және С.Сәдуақасов атындағы тарихи-өлкетану мұражай. Ауданда 53 үйірме құрылымы жұмыс жасауда.

 

         Тарихи-мәдени мұра

«Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасын іске асыру аясында Байтайлақ батырдың және Зейналгабиден                                   Әл-Жәуһаридің жерленген жерлері облыстық ұлттық маңызы бар нысандар тізіміне енгізілді.

С.Сәдуақасов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында Байтайлақ батыр туралы материалдар жинақталуда.

Аудан аумағында «Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне» енгізілген 73 тарихи-мәдени мұра (қорғандар, қорымдар, автотұрақтар, шеберханалар және т.б.) нысандары бар.

Сонымен қатар 25 естелік құрылымдар орналасқан (ескерткіштер саңы – 7, обелискілер - 5, стеллалар - 11, монумент - 1, С.Садуақасовтың бюсті – 1). Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және аумағын абаттандыру жыл сайын жүзеге асырылады.

 

 

Информация о культуре
Дата публикации
14 сентября 2025