Аналитикалық анықтама

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

2024 жылғы 01 сәуір мен 2025 жылғы 01 сәуір аралығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №2 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес жұмыс жүргізіліп, келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:


І. ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

Талдау кезеңінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен:

  • негізгі қызмет бойынша басшының бұйрықтары – 42;
  • жеке құрам бойынша бұйрықтар – 0;
  • келісімшарт негізіндегі қызметкерлер бойынша бұйрықтар – 8;
  • іссапарлар бойынша бұйрықтар – 60;
  • еңбек демалыстары бойынша бұйрықтар – 15;
  • тәртіптік жазалар бойынша бұйрықтар – 2.

Ішкі талдау барысында келесі жағдай анықталды:

  • 2024 жылғы 20 мамырдағы №22 «Абзалхан Т.-ны іссапарға жіберу туралы» бөлім басшысының бұйрығы заң талаптарына сәйкес келмейді. Аталған бұйрықта Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 130-бабы көрсетілген, алайда бұл бап қызметі жол жүру сипатында немесе қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге өтемақы төлеуді қарастырады. Осыған байланысты аталған норманы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабының 1 және 2-тармақтарына ауыстыру қажет.

ІІ. ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

Талдау кезеңінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны – 5 адам.

Оның ішінде:

  • басшылық құрам – 1 (бөлім басшысы);
  • басшылық құрамға жатпайтындар (бас мамандар) – 5.

Сонымен қатар, бөлімде қызметті қамтамасыз ететін 3 техникалық қызметкер бар:

  • жүргізуші – 1 бірлік;
  • басшының хатшысы – 1 бірлік;
  • аударма редакторы – 1 бірлік.

2025 жылы бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрады.

Талдау барысында мүдделер қақтығысы, қызметкерлердің басшымен аффилирленуі анықталған жоқ. Қызметкерлер тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың ауысуы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.


Жазбаша өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау

Талдау кезеңінде бөлімге «Е-Өтініш» арқылы жеке тұлғалардан 14 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша түсіндірмелер берілді.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптары бұзылмаған.

Бөлімде 8 (715 46) 21 282 сенім телефоны жұмыс істейді. Бөлім басшысы болмаған жағдайда жауапты тұлға – бас маман Здуалиев Б.М.

Есепті кезеңде сенім телефонына қоңыраулар түскен жоқ.

Өтініштерді қарау сапасын арттыру, азаматтарды қабылдау және олардың мәселелерін уақтылы шешу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаралып, азаматтарға жауаптар уақытылы беріледі.


Мемлекеттік сатып алулар

Талдау кезеңінде жалпы сомасы 33 149 629,25 теңгеге 74 шарт жасалды, оның ішінде:

  • баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 45 шарт, 24 485 928,32 теңге;
  • бір көзден тікелей шарт жасау арқылы – 27 шарт, 6 558 362,93 теңге;
  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша – 2 шарт, 2 105 338 теңге;
  • өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 5 шарт, 700 901,87 теңге.

Мемлекеттік қызметтер көрсету

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі КММ бас маманы Здуалиев Б.М.-ға аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде 2024 жылғы 20 мамырдағы №22 «Абзалхан Т.-ны іссапарға жіберу туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіп, жіберілген заң бұзушылықтарды жою тапсырылсын.


Жұмыс тобы мүшелерімен келісілді:

Ожикаева М.Е.
Сагандыков А.А.
Мұратбек Ә.А.
Махатова Б.С.
Жабин М.К.

Бөлім басшысы: А. Бекбулатова

Аналитикалық анықтама
Дата публикации
10 июля 2025