ҮЕҰ Дерекқоры қалыптастыру бойынша ақпарат

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жыл сайын 31 наурызға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне ұйымның қызметі туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде ұсынуы қажет (Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, индекс 010000).

Интернет-порталда https://esep.govtec.kz/ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру Нысаны және ҮЕҰ үшін нұсқаулық орналастырылған.

НҚА бөлімінде: «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 402 бұйрығы.

Ақпаратты ұсынылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 489-1 бабына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Анықтама телефондары: 21 282

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Әлия Молдағұлова көшесі 1.»

Дата публикации
09 января 2025