Информация о планируемых темах государственного социального заказа на 2025 год

Қосымша 1

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты

қалыптастыру, іске асырылуын

мониторингтеу және нәтижелерін

бағалау қағидаларына

 

 

 

     

 

 

                                      

           

2025 жылға арналған

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың

жоспарланатын тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыбы

Жоспарланатын қаржыландыру көлемі (мың тг)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың мақсатты тобы

 

Күтілетін нәтиже

1

 

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ шығармашылық және актерлік шеберлікті дамытуға бағытталған іс-шаралар.

 

 

300 мың  тенге

Қазақстан Республикасында жастарды қолдаудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №918 қаулысымен бекітілген).

 

 

 

14–35 жас аралығындағы жастар

 

Білім алушының жан-жақты дамыған, адамгершілік тұрғыдан кемелденген, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру; қазіргі қоғамда тұлғаның табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ету, дербес өмірге, өнімді еңбек және кәсіби қызметке даярлау; өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ету, жауапты шешімдер қабылдауға дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

2

Жастар ортасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді жұмыс.

 

 

200 мың тенге 

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-IV Заңы.

 

Аудан тұрғындары

Жастар ортасында экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу шеңберінде қауіпсіз ақпараттық орта мәдениетін қалыптастыру мақсатында.

 

Жастарға арналған «Интернет желісіндегі қауіпсіздіктің негізгі қағидалары» тақырыбында дәріс өткізу.

 

3

Отбасының адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы институтын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ гендерлік саясатты қолдау.

300 мың тенге

Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 Жарлығымен бекітілген).

 

Аудан тұрғындары

Отбасының мәртебесін нығайту, шығармашылық әлеуетті анықтау, ата-аналар мен балалардың ынтымақтастық дағдыларын дамыту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру.

 

4

«Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру аясында қоғамдық келісімді нығайту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер.

200 мың. тенге

Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы.

Аудан тұрғындары

Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру; моральдық-этикалық ұстанымдарды дамыту; мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайту; кәсіби заңгерлерді тарта отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бейнероликтер көрсету, үлестірме материалдар дайындау арқылы өскелең ұрпақтың қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністеріне қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру.

 

 

По состоянию на 28 октября 2024 года

Исп. Сагандыков А.  телефон 871546 21 282

 

Дата публикации
24 октября 2024