Аудандағы діни ахуал туралы.

Ақжар ауданында бүгінгі кезеңде діни ахуал тұрақты және дінаралық негізде қақтығыстар тіркелген жоқ.

Ауданда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 19 филиалы (8 мешіт және 11 намазхан) жұмыс істейді.

"Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде жұмыс жүргізілуде. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша барлығы 214 материал орналастырылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 200 мың теңге бөлінді.

Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекітілген медиа-жоспарына сәйкес 12 мақала жарияланды.

Аудан аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 13 баннер орнатылды.

Дата публикации
11 июля 2024