Аналитикалық анықтама
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
2023 жылғы 01 сәуір мен 2024 жылғы 01 сәуір аралығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №2 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес жұмыс жүргізіліп, келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:
Талдау кезеңінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен:
негізгі қызмет бойынша басшының бұйрықтары – 56;
жеке құрам бойынша бұйрықтар – 5;
келісімшарт негізіндегі қызметкерлер бойынша бұйрықтар – 6;
іссапарлар бойынша бұйрықтар – 54;
еңбек демалыстары бойынша бұйрықтар – 12;
тәртіптік жазалар бойынша бұйрықтар – 5.
Талдау кезеңінде бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 5 адам.
Оның ішінде:
басшылық құрам – 1 (бөлім басшысы);
басшылық құрамға жатпайтындар (бас мамандар) – 4.
Сонымен қатар, бөлімде қызметті қамтамасыз ететін 3 техникалық қызметкер бар:
жүргізуші – 1;
басшының хатшысы – 1;
аударма редакторы – 1.
2022 жылы бөлімнің штат саны 5 бірлікті құрады.
Талдау барысында мүдделер қақтығысы, қызметкерлердің басшымен аффилирленуі анықталған жоқ. Қызметкерлер тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың ауысуы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы тіркелмеген.
Талдау кезеңінде бөлімге «Е-Өтініш» арқылы жеке тұлғадан 1 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша түсіндірме берілді.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптары бұзылмаған.
Бөлімде 8 (715 46) 21 039 сенім телефоны жұмыс істейді. Бөлім басшысы болмаған жағдайда жауапты тұлға – бас маман Здуалиев Б.М.
Есепті кезеңде сенім телефонына қоңыраулар түскен жоқ.
Өтініштерді сапалы қарау, азаматтарды қабылдау және олардың мәселелерін уақытылы шешу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралып, жауаптар уақтылы беріледі.
Талдау кезеңінде жалпы сомасы 15 218 299,97 теңгеге 74 шарт жасалды, оның ішінде:
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 47 шарт, 4 369 427,62 теңге;
бір көзден тікелей шарт жасау арқылы – 5 шарт, 700 901,87 теңге;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша – 1 шарт, 900 000 теңге;
өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 5 шарт, 700 901,87 теңге.
«Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
Лауазымдық нұсқаулықтарды зерделеу барысында барлық мемлекеттік қызметшілерде «басшының өзге де тапсырмаларын орындау» деген тармақ бар екені анықталды. Бұл норма басшыға кең дискрециялық өкілеттіктер береді.
Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі КММ бас маманы Здуалиев Б.М.-ға аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде лауазымдық нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу тапсырылсын.
Аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бөлімнің интернет-ресурсында жариялансын.
Жұмыс тобы мүшелерімен келісілді:
Ожикаева М.Е.
Сагандыков А.А.
Мұратбек Ә.А.
Махатова Б.С.
Жабин М.К.
Бөлім басшысы: А. Бекбулатова
27 маусым 2024 жыл