Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

2024 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ-де, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жастар бастамалар орталығы» КММ-де, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының «Ақжар Мәдениет үйі» МКҚК-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.

Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және т. б. мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.

Мемлекеттік органдардың қызметінде бар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ұсыныстар электрондық мекенжайға жіберілсін akzhar-culture@yandex.kz.

Дата публикации
20 мая 2024