«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық
байқауын ұйымдастыру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын іске асыру мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық байқауын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, жарнама мәтіндерін сауатты ресімдеуді насихаттау, заң талаптарының орындалуын қадағалау және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру.
Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
Байқауға қатысушылар:
- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
- ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;
- азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
Байқауға қатысу үшін өтінімдер Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсырылуы қажет.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
аудандық байқауына қатысуға
өтінім
Басшының қолы
Күні
Қолы
Күні
Ақжар ауданының ішкі саясат,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Талшық а. Ә.Молдағұлова 1 көшесі
тел.8(71546)21039
8(702)4465468