Ақжар ауданындағы діни ахуал
Аудан аумағында 8 мешіт және 12 намазхана жұмыс істейді.
Халықтың діни сауаттылығын арттыру және дәстүрлі емес діни ағымдардың идеяларының таралуының алдын алу мақсатында ауданда ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарады. Жыл сайын жұмыс жоспарлары бекітіліп, соған сәйкес ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мақсатты топтармен және ауылдық округ тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша ауданның ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 984 адамды қамти отырып, 75 іс-шара өткізді.
Діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы контрнасихат материалдары тұрақты түрде таратылуда (жыл басынан бері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 168-ден астам материал жарияланып, таратылды).
Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан 10 мақала жарияланды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында семинарлар өткізуге қаржы бөлінеді. Биыл жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуге 300 000 теңге бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша Координационный центр по проблемам детства «Демеу» жеңімпаз болып анықталды (бұдан әрі – жеткізуші). Ағымдағы жылдың 13 ақпанында №980840002483/260034/00 келісімшарты жасалды.
Аудан аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында 12 баннер орнатылған.