Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
«Қарағанды қаласы әкiмiнiң аппараты» 2024 жылғы «31» қазанда сағат 16:00-де Поспелова, 16 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
|
Пакет № |
Маршрут № |
Маршрут атауы |
Автобустардың саны, класы және сыйымдылығы |
Резерв |
|
1 |
23 |
«Магнум СҮ – НМК – ҚарМТУ –Магнум СҮ» |
10, I класс, орташа |
2 |
|
2 |
012 |
«Облыстық балалар ауруханасы – Жаңа Тихоновка» |
8, I класс, орташа |
2 |
|
3 |
34 |
«Горняк дүкені - ҚЭУ» |
10, I класс, үлкен |
2 |
|
4 |
26 |
«Жастар кафесі - Вокзал» |
4, I класс, үлкен |
1 |
Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Қарағанды қ., Поспелова, 16 көшесі мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы «21» қазанда сағат 17:00-ге дейін.
Анықтама алу үшiн телефондар: +7 (7212) 30-02-24.