
1.1. Автомобиль жолдары секторы "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулыларын, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, еңбек тәртібі Ережелерін, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарын және осы сектор Ережесін басшылыққа алады.
1.3. Сектор өз қызметін мемлекеттік мекеме басшысының басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және тек мемлекеттік мекеме басшысының қарауына жататын шешімдер қабылдауға құқылы емес. Өз жұмысын мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста орындайды.
2. Автомобиль жолдары секторының негізгі функциялары мен міндеттері
2.1. Өз құзыреті шегінде қаланың әлеуметтік – экономикалық даму болжамдарының, инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың жағдайын талдауға және әзірлеуге қатысу.
2.2. Жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөндеуі және күтімі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
2.3. Қаланың көлік инфрақұрылымының құрылысын ұйымдастыру.
2.4. Өз құзыреті шегінде автомобиль жолдарын дамытудың басым бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
2.5. Қалалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
2.6. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын, оның ішінде бюджет қаражатының игерілуін тұрақты бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз ету.
2.7. Қарағанды қаласының елді мекендерін көше жарығын ұстау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
2.8. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарлары мен өтініштерін қарау.
2.9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.