
1.1. Жолаушылар көлігі секторы "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулыларын, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, еңбек тәртібі Ережелерін, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарын және осы сектор Ережесін басшылыққа алады.
1.3. Сектор өз қызметін мемлекеттік мекеме басшысының басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және тек мемлекеттік мекеме басшысының қарауына жататын шешімдер қабылдауға құқылы емес. Өз жұмысын мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста орындайды.
2. Жолаушылар көлігі секторының негізгі функциялары мен міндеттері
2.1. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекітеді.
2.2. "Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау", "елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету" және "кентішілік (қалаішілік), қала маңындағы және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру" бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
2.3. Өз құзыреті шегінде қаланың әлеуметтік – экономикалық даму болжамдарының, инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың жағдайын талдауға және әзірлеуге қатысады.
2.4. Жолаушылар транпортында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қатысады және өткізеді.
2.5. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ базасында көлік, көпірлер және жолдар қызметінің азаматтық қорғау жұмысын ұйымдастырады.
2.6. Қарағанды қаласының аумағында орналасқан және тасымалдауды жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмысына, жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының орындалуына, Тарифтердің сақталуына, шартта көзделген функциялардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
2.7. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу.
2.8. Қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру.
2.9. Тахографтарға қызмет көрсетуді орнату жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу.
2.10. Такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу.
2.11. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарлары мен өтініштерін қарау.
2.12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.