Үздік еңбек әулеті мен өндіріс қызметкерлерін айқындаужастарды еңбекке құрметпен қараурухында тәрбиелеуеңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайынЕңбек жолы Республикалық конкурсын өткізеді
Конкурс қоғамдағы Еңбек адамының мәртебесін арттыруға жәнеЖалпыға ортақ еңбек қоғамыұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді
Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) 3 номинация бойынша қатыса алады
Еңбек күні мерекесі қарсаңында ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде Еңбек жолыреспубликалық конкурсына қатысушыларды сезіну бойынша салтанатты іс-шара өтті
Облыстық іріктеу турының лауреаттарымен конкурсқа қатысушыларға номинациялар бойынша Қарағанды қаласы әкімінің алғыс хаттары табысталды
|
Өндірістің үздік жас қызметкері
|
||
|
Жақсылық Айдын Жақсылықұлы |
|
«КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды филиалының пайдалану локомотив депосыныңэлектровоз машинисі
|
|
Наурызбай Шыңғыс Асқатұлы |
|
«КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды филиалының пайдалану локомотив депосыныңэлектровоз машинисінің көмекшісі
|
|
Власова Анна Александровна
|
|
«№3 Гимназия» КММ физика мұғалімі |
|
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері
|
||
|
Сыскина Алёна Викторовна
|
|
«№3 Гимназия» КММ педагог-психологі |
|
Долбаев Даулет Мукатаевич |
|
СеріктерАвариялық-құтқару қызметі» ЖШС өртке қарсы жасағының қарауыл бастығы
|
|
Кулыбеков Курмет Баязбекович |
|
СеріктерАвариялық-құтқару қызметі» ЖШС өрт авариялық-құтқару бөлімінің қарауылбастығы
|
|
Ныгыманова Рымгуль Алпысовна
|
|
Евразиан Фудс» АҚ-ның технологиялық желіоператоры
|
|
Тебаева Марина Маратовна
|
|
Евразиан Фудс» АҚ-ның маргарин цехындағыауысым шебері |
“Еңбек жолы” Республикалық конкурсы
Үздік еңбек әулеті мен өндіріс қызметкерлерін айқындау, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді.
Ағымдағы жылы осы конкурсқа қатысуға Қарағанды қаласынан 8 қатысушыдан өтінім түсті(«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 5, «Өндірістің үздік жас қызметкері» - 3).
Қарағанды қаласы бойынша «Еңбек жолы»республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі қалалық Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша конкурстың облыстық кезеңіне келесі қатысушылар өтті:
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»:
- Сыскина Алена Викторовна – «№3 гимназия» КММ педагог-психологы.
«Өндірістің үздік жас қызметкері»:
- Жақсылық Айдын Жақсылықұлы - «ҚТЖ-Жүк тасымалы – «Қарағанды» ЖШС филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосындағы Ақадыр айналым депосының электровоз машинисі.
«Мемлекеттік грант» – бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал.
Грант мөлшері – 400 АЕК-ке дейін (2026 жылы – 1 730 000 теңге).
Грант алу үшін негізгі талаптар
1. Төмендегі жұмыспен қамту санаттарының біріне жатуы қажет:
жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне 1 жылға дейін);
ресми тіркелген жұмыссыздар.
2. Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы қажет:
атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
көпбалалы отбасылар;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
қоныс аударушылар;
қандастар;
еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар тұлғалар;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (не) олардың жұбайлары.
3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткені туралы сертификаты болуы
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификатты business.enbek.kz сайтында тегін 14 күнтізбелік күн ішінде алуға болады. Ол үшін онлайн оқудан (бейнесабақтар) өтіп, тестілеуді сәтті тапсыру қажет.
Мемлекеттік грант алу кезеңдері (business.enbek.kz порталы арқылы):
Гранттар келесі бағыттарда беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Бұған дейін грант алған қатысушылар екінші рет грант ала алмайды.
Толық ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығынан біле аласыз
Инстаграм: emo_karagandy_obl
Контакты: сall-центр 8-7212-60-50-50whatsapp 8-775-644-35 -80
23 тамыз күні өтетін дауыс беруге қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Егер дауыс беру құқығыңыз болса, белсенділік танытып, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз.
Әр дауыс маңызды!
Жиналысқа мемлекеттік бағдарламалардың облыстық және қалалық әкімшілерісондай-ақ, Қарағанды қаласында жобаларды іске асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты
Жиналыс барысында жобалардың іске асырылу барысыжұмыс орындарын құружұмыс іздепжүрген адамдарды жұмысқа орналастыруміндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелері қаралдысондай-ақ, проблемалық мәселелер талқыланды
Жиналыс қорытындысы бойынша әкімшілерге жобаларды іске асыру барысында жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстаусондай-ақ, жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелерін пысықтау тапсырылды
Байқау еңбекті насихаттауғаеңбек дәстүрлерін сақтауға және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға бағытталған
Үш номинацияға қатысуға болады«Үздікеңбек әулеті»️Өндірістің үздік жас қызметкері» ️ «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»
Байқау жеңімпаздары ақшалай сертификаттар алады
- 1 орын-1 000 000 теңге
- 2 орын - 500 000 теңге
- 3 орын - 200 000 теңге
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасадыҚұжаттарҚарағанды қаласыныңжұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі ММсі Чкалов көшесі, 7, 301 кабинетте қабылданады
Анықтама үшін телефон: 95-56-01.
Қала тұрғындары мен еңбек ұжымдарын байқауға қатысуға және еңбегікәсібилігімен адалдығы ерекше танылуға лайық адамдар туралы әңгімелеуге шақырамыз
Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ жұмыссыз азаматтардыоның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды
Іс-шарағаҚарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығыКММ өкілдеріҚарағанды қалалық мәслихатының депутаттарыкәсіпкерлер қауымдастығыныңTen Qogamмүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығыныңмүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің және қаланың 50-ден астам кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруоның ішінде квоталанатынсубсидияланатын жұмыс орындарына орналастыруарнайы жұмыс орындарын құрукәсіпкерлік бастамаларды қолдау және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау жөніндегі шаралар мәселелері қаралды және талқыланды.
Бұдан басқаеңбек және халықты жұмыспен қамту заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту органдары мен жұмыс берушілер арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай тәжірибе ағымдағы жылдың ішінде жалғасатын болады
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Негізгі мақсат – оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру, сондай-ақ нақты адамның қажеттіліктеріне бағдарлану.
Ағымдағы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу үшін берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Бұған дейін кепілдендірілген соманы анықтауды комиссия өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы ақпараттың үш көзі — әлеуметтік қызметтер порталының деректері, тауарлардың мемлекеттік сатып алулары және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүргізілді.
Жаңа әдістемеде кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректері мен электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептелетін болады.
Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының агрегацияланған деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.
Болашақта цифрлық платформалардан алынған нақты нарықтық деректер негізінде кепілдендірілген соманы адамның араласуынсыз (қолмен реттеусіз), автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді
Негізгі күтілетін әсерлер:
- ОТҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу,
- адами фактор мен субъективтілікті болдырмау,
- әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету,
- бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Бұл ретте, мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы ОТҚ-мен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығындарды жоятынын атап өткен жөн.
Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге жұмсалады.
Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізу көзделген.
Қосымша ретінде, жаңа тәсілдер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи шешімдер пысықталатын және енгізілетін мамандандырылған алаң — Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы арқылы іске асырылатынын хабарлаймыз.
Сондай-ақ биыл ғылыми орталық арқылы ОТҚ-ды қайтарудың пилоттық механизмі іске қосылады.
Ол тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын ОТҚ түрлеріне ғана қолданылады және жеке пайдаланылатын құралдарға (жөргектер, протездер және т.б.) қатысты емес.
Бұл механизм, мысалы, ОТҚ-ын жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік туындағанда (айталық, ОТҚ жеткізілуін күту кезінде) ұзақ процедураларды күтпестен, адамды қажетті құралмен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шешімдерді формальды мерзімдерге емес, ОТҚ-ның нақты жағдайы мен адамның жеке мұқтаждықтарына сүйене отырып қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде.
Бұл шешімдердің негізділігін арттырып, алушылардың мүдделерін қорғайды.
Осылайша, ТСР-ды қайтару тетігін енгізудің күтілетін әсерлері:
Өзгерістердің негізгі мәні – қолжетімділікті арттыру, оңалту сапасын жақсарту, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.