Меню

Страницы

Статья

«Алимент бойынша берешегі бар, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыздарға арналған онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкесі»

Алимент бойынша берешегі бар, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында «Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және Қазыбек би ауданының прокуратурасы, Әлихан Бөкейханов ауданының прокуратурасыларымен бірлесіп 2022 жылдың 28 қаңтарында онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрақты табысы бар осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру; «Алимент өндіру» санаты бойынша сот актілерін орындау тиімділігін арттыруға; проблемалық салалардың санын азайту үшін жоғарыда аталған санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілді.

Шараға қатысушылар назарына қаладағы 278 кәсіпорыннаң 1556 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс беруші ретінде Қарағанды ​​қаласының әртүрлі меншік нысанындағы 9- кәсіпорындары мен ұйымдары шақырылды, олардың ішінде: «Карагандаэнергоремонт» АҚ, «Қарағанды жарық» ЖШС, «Горкомтранс» ЖШС, «Карагандинский завод металлоизделий» ЖШС.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 100-ден астам адам қатысты, оларға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілді, сондай-ақ конференцияға қатысушылардан келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Дата публикации
28 января 2022
Дата обновления
28 января 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

18 июля 2025
Әлеуметтік әріптестік
17 июля 2025
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметі
14 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы