30.11.2021 жылы Халықаралық мүгедектер күніне
«Рух мықтылығы» атты мейірімділік сабағы өтті. Бұл акцияға, карантин шараларын сақтай отырып, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауырулары бар әлеуметтік қызмет алушылар қатысты. Акция сенсорлық бөлмеде, «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ № 31 филиалы қызметкерлерімен бірлесе өтті.
Жоспарда:
1. Халықаралық мүгедектер күні жайлы әңгімелесу.
2. Мүгедектігі бар жандардын өмірінен бейне баян тамашалау.
3. «Менің арманым» атты флип картаға арман- мұраттарын жазу.
4. Қатысушыларға жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер табыстау.