Меню

Страницы

Статья

"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметі

"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғын-жайды меншігіне сатып алу немесе "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін тұрғын үй сертификаттарын беру мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2025 жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарынан 46 адам жалпы сомасы 45,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын алды, оның ішінде: мүгедектігі бар 14 адам, көп балалы отбасылар - 12 адам, толық емес отбасылар - 4 адам, мүгедектігі бар балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар - 8 адам, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер - 1 адам, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 7 адам.

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - 1,5 млн.теңгеге дейін.

Тұрғын үй сертификаттары өтеусіз және қайтарымсыз негізде "2-10-20 тұжырымдама", "5-10-20 тұжырымдама", "Наурыз", "Наурыз Жұмыскер 2", "7-20-25" ипотекалық бағдарламалар шеңберінде беріледі.

Қарағанды қаласы бойынша уәкілетті органда тұрғын үй алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтардың белгілі бір санаттары тұрғын үй сертификаттарын алушылар болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7 үй, кабинет 301. Анықтама телефоны: +7 /7212/ 95-56-01.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-18.30 дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-14.30 дейін.

Дата публикации
17 июля 2025
Дата обновления
18 июля 2025
Тип

Сейчас читают

18 июля 2025
Әлеуметтік әріптестік
17 июля 2025
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметі
14 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы