Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Бөліммен мемлекеттік қызметтің 19 түрі көрсетіледі.
|
№ |
Мемлекеттік қызметтер тізімі |
Стандартқа сілтеме |
|
1. |
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу |
|
|
2. |
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру |
|
|
3. |
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау |
|
|
4. |
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау |
|
|
5. |
Тұрғын үй көмегін тағайындау |
|
|
6. |
Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
|
7. |
Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
|
8. |
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу |
|
|
9. |
Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу |
|
|
10. |
Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу |
|
|
11. |
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу |
|
|
12. |
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу |
|
|
13. |
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру |
|
|
14. |
Ақталған адамға куәлік беру |
|
|
15. |
Тұрғын үй сертификаттарын беру | https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018883 |
|
16. |
Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010370 |
|
17. |
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту, кері қайтарып алу | |
| 18. |
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу |
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035381 |
| 19. |
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру |
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035384 |