Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шағындарды өтеу болып табылады, үйде оқытылатын әрбір мүгедек балаға тоқсан сайын 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Қызмет алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
5)Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
6) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
7) оқу орнының мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы.