Меню

Страницы

Статья

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметі  

Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар болып танылады.

Осы ұйымдарда арнайы әлеуметтік қызметтер:

1) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектісі сақталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі ТҚА бұзылған балаларға;

3)стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетугемұқтажпсихоневрологиялықауруы бар он сегізжастанасқан бірінші, екінші топтағы адамдарға;

4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдарға көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметті алу үшін«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не (Чкалов көшесі 7 үй, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, анықтама телефондары

95-55-84, 95-55-86) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚКО) (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін) келесі келесі құжаттармен жүгіну қажет:

1)  мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не жеке сәйкестендіру нөмірі бар көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзінді көшірмесі бар Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша медициналық карта;

4) жеке басын куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы (мүгедектігі бар қарттар үшін), мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы (ОЖБ болған кезде қарттар үшін), психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамды сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп тану туралы (Бар болса), зейнетақы туралы мәліметтер Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттер аумағындағыевых қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагер мәртебесінің болуы, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары туралы ақпарат.

 

Дата публикации
13 февраля 2023
Дата обновления
18 июля 2025
Тип

Сейчас читают

18 июля 2025
Әлеуметтік әріптестік
17 июля 2025
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметі
14 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы