«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                                                                                                             Жоба

 

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы»

Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

1-тарау, 4-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

         «4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады».

         5 тармаққа келесідей толықтыру енгізілсін:

         Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.»;

1-тараудың 5-тармағының 6) және 9) тармақшалары алып тасталсын.

7-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

         «7. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері:»

         1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

         оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

         Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

         Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлері – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, сонымен қатар, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасы – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) 26 сәуір - Чернобыль АЭС апатты еске алу күніне:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдар – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      4) 7 мамыр - Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күніне:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi – 1156 (бір мың бір жүз елу алты) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілері – 1156 (бір мың бір жүз елу алты) айлық есептік көрсеткіш;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi –45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілері 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдары – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдары – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдары – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдар – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен басқа да асырауындағылары – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің отбасылары – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

         "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдар – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

         6) 1 қазан - Қарттар күніне:

         75 жасқа толған және одан асқан тұлғалар – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

         7) Қазан айының екінші жексенбісі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне:

         бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

         жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

         8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:

         Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 95 (тоқсан бес) айлық есептік көрсеткіш;

         9) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде өтемақы ретінде, Қазақстан Республикасы аумағында санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген, заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды коспағанда)  бірге ілесіп жүретін адамдарға жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек 7 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық ем алған адамдарға қолданылмайды.

Әлеуметтік көмек өтініш негізінде және келесі құжаттарды қоса ұсыну арқылы беріледі:

жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

шот-фактура;

орындалған жұмыстар актісі;

екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы шот нөмірі туралы мәліметтер.

Санаторий-курорттық емделу орнына барып-қайту жол ақысы емделушінің өз қаражаты есебінен төленеді.      

10) Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек ардагерлерге Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес табысы есепке алынбай, жылына бір рет, мүгедектігі бар тұлғалар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдендірілген сомасынан аспайтын және 14 күннен аспайтын мерзімге болу құнын өтеу түрінде көрсетіледі.

Санаторийлік-курорттық емделуге абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді;

         11) коммуналдық қызметтерді төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі:

Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне тоқсан сайын ақшалай төлемдер түрінде 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына жылына 1 (бір) рет 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының тізімі негізінде;

         12) Әлеуметтік маңызы бар ауруға ие болған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі:

 Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде туберкулез ауруы бар тұлғаларға емделуге (сауықтыруға) жылына 1 (бір) рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресі жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларға ай сайын ақшалай төлемдер түріндегі 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

         13) Қарағанды қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқып жатқан балалары үшін ата-аналардың нақты төлеген шығындарының 50 % (елу) мөлшерінде, бірақ әр балаға 6 (алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде, көпбалалы отбасыларға Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізім негізінде тоқсан сайын ақшалай әлеуметтік көмек көрсетіледі;   

         14) дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде әлеуметтік көмек оқиға басталған кезден бастап алты ай ішінде азаматтың (отбасының) табысына қарамастан бір рет көрсетіледі. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері – 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;

         15) өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде әлеуметтік көмек оқиға басталған кезден бастап алты ай ішінде азаматтың (отбасының) табысына қарамастан бір рет көрсетіледі. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері– 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;

         16) Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізіміне сәйкес туберкулезбен ауыратын тұлғаларды және Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізіміне сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларды қоспағанда әлеуметтік маңызы бар ауруы бар, жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған заңнамасында белгіленген 1 (бір) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын тұлғаларға әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Аталған санаттағы тұлғаларға әлеуметтік көмек осы тармақтың 14) тармақшасында белгіленген тәртіп пен мөлшерде көрсетіледі;

         17) Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған заңнамасында белгіленген 1 (бір) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі:

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей анықтама негізінде;

жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға;

жасының егде тартуына байланысты өзін-өзі күту қабілетінен айырылған адамдарға;

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген).

Отбасы құрамы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес айқындалады.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есептік кезеңдегі (алдыңғы тоқсан) отбасының жиынтық табысын осы кезеңдегі айлар санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы есептеледі.

Осы Қағидалардың 7-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаса, көрсетіледі.        

         18) Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек жасына байланысты зейнеткерлерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жетім баланың (балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншыларына немесе қамқоршыларына, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын, сол тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын, өзінде және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі жоқ және жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 2,0 (екі) күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда көрсетіледі.

Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің қатты отынды сатып алуға байланысты нақты шығындары негізінде айқындалады, бірақ жылыту маусымында 1 (бір) рет 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Бір жеке тұрғын үйде қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек алуға құқығы бар бірнеше адам бірге тұрған жағдайда, өтемақы олардың тек біреуіне ғана төленеді.

Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші жылыту маусымында әлеуметтік көмек төлеуге уәкілетті ұйымға төмендегі құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш береді:

жеке басын куәландыратын құжат;

қатты отынды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын құжат (чектердің көшірмелері, жүкқұжат, анықтама және т.б.);

өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектік туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы немесе бұйрығы);

жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен бірге ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

8-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

         «8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

         1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

         2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

         3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

         4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

         Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

         Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздердің тізбесін басшылыққа алады.

14 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;

3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;

4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.»

19 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

  1. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:

         біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;

         ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-і күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.

    

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 Ережелер жобасы
Дата публикации
09 апреля 2026