«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің 17 түрін (15 - балама негізде, 2 – «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы) көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 41 660 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (40 428 қызмет) 1 232 қызметке немесе 3% - ға ұлғайды.
Оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 13 326 (2022 жылы – 10 410 қызмет) 2 916 қызметке немесе 28% – ға ұлғайтылды; электрондық форматта 28 334 қызмет көрсетілді (2022 жылы-29 979 қызмет) 1 645 қызмет немесе 5% - ға азайды (электрондық үкімет порталы арқылы 13 798 қызмет көрсетілді, ақпараттық жүйелер арқылы – 14 536 қызмет).
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету үлесін арттыру мақсатында электрондық форматта қызметтер көрсету процестерін ғана емес, сондай - ақ оларды танымал етуді, сондай-ақ қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік интернет-платформаларда халықты хабардар ету кестесін қамтитын электрондық нысанға көшуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы онлайн режимінде қызметтерді алу бойынша ғана емес, сонымен қатар ЭЦҚ алу бойынша да консультанттарды жедел сүйемелдеумен ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, халықты хабардар ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, оның ішінде БАҚ арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілді, оның шеңберінде есепті кезеңде БАҚ-та материалдар жарияланды, семинарлар, Мемлекеттік қызмет көрсету нысандарын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар, мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер үшін оқыту семинарлары, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері және 21 198 адамды қамтитын 297 іс-шара өткізілді.
2023 жылы Қарағанды қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімінің ішкі бақылауы барысында Қарағанды облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерімен бірлесіп 2023 жылдың 1 тоқсанында келесі мемлекеттік қызметтер бойынша есепте дәйексіз деректер анықталды:
- «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»:
Есептік деректер бойынша 10 қызмет көрсетілді, іс жүзінде 12 қызмет көрсетілді, айырмашылық – 2 қызмет. 2023 жылдың қорытындысы бойынша есепті қалыптастыру кезінде 2023 жылдың 1 тоқсанындағы мемлекеттік қызметтер бойынша есепке тиісті түзетулер енгізу ұсынылды;
Бұл ретте көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын атап өту қажет.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер бойынша есепке түзетулер енгізілді.