Әлеуметтік қызметтер портал жұмысының алгоритмі

 

 

 

Әлеуметтік қызметтер портал жұмысының алгоритмі

http://aleumet.egov.kz/

 

  1. http://aleumet.egov.kz/ сілтемесі бойынша Әлеуметтік қызметтер порталына кіріңіз.

 

  1. «ЭЦҚ таңдаңыз» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ файлын таңдауға арналған терезе ашылады. Авторизациялық ЭЦҚ ашу үшін екі рет басыңыз. Назар аударыңыз! Көрсетілетін қызметті алушы ретінде порталда жұмыс істеу үшін өзіңіздің жеке ЭЦҚ-ны немесе көрсетілетін қызметті алушының ресми қамқоршысының ЭЦҚ-ны міндетті түрде қолданыңыз

 

  1. Сіздің алдыңызда сіздің Жеке кабинетке кіру ашылады, ол сіздің деректеріңізді көрсетеді.

Назар аударыңыз! Көрсетілетін қызметті алушының заңды өкіліне                     Порталға кірген кезде (мүгедектігі бар баланың ата-анасы) мәзір пунктінде «Қамқоршы кабинет» қойындыға өтіңіз → «Қамқоршылық» және мүгедектің жеке кабинетіне кіру үшін жасыл көрсеткіні басыңыз.

  1. Бірінші қойындыда «Жалпы/адрестік ақпарат» «Телефон нөмірі» және «Электрондық пошта адресі» жолдарындағы мәліметті өзгерту үшін қалам белгішесін басыңыз, қалған мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде толтырылады.

 

  1. Оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) тапсырыс беру үшін «Сізге көмек» мәзірінде «Оңалтудың техникалық құралдары» қойындысына өтіңіз. ЖОБ (жеке оңалту басғдарламасы) бойынша Сізге тиесілі ОТҚ бар парақ ашылады.
  2. Сізге ұнаған ОТҚ таңдап, «Таңдау» батырмасын басыңыз. Тиісті ОТҚ үшін жеткізушілердің тауарлары бар терезе ашылады. Сізге ұнаған ОТҚ таңдап (тауардың сипаттамсымен танысып) және «Тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.

 

  1. Тапсырысты құру терезесі ашылады. Тапсырысты жасау кезінде сізге тауарлардың саны мен ОТҚ жеткізу әдісін таңдау қажет (жеткізу тәсілдері: өзі алып кету немесе курьерлік жеткізу).

 

  1. Курьерлік жеткізуді таңдағанда, түпкілікті елді мекенге толық мекен-жайыңызды көрсетіп, сонымен қатар қосымша мекен-жай енгізіңіз (көше, үй, пәтер). «Құру» батырмасын басыңыз.

 

  1. ЭҚЦ қол қою терезесі ашылады. «RSA….» кілтін таңдаңыз. Құпия сөзді енгізіп, «Қол қою» түймесін басыңыз.

 

  1. Cіздің барлық тапсырыстарыңыз «Тапсырыстар» ағымдағы мәртебесінде қол жетімді болады. Тапсырыс картасын көру үшін тапсырыс нөмірін басыңыз. Өнім жеткізушімен расталғанға дейін, сіз бұл тапсырысты бас тарту батырмасын басу арқылы бас тарта аласыз.

 

  1. Егер Сіз «Өзі алып кету» әдісін таңдаған болсаңыз, жеткізуші тапсырыс үшін тауарлардың бар екендігін растағаннан кейін, сіздің ағымдағы тапсырыс мәртебеңіз «Тауарлар қоймада, резервте» болып өзгертіледі. Содан кейін сіз тауарды жеткізушінің қоймасынан ала аласыз.

 

  1. Егер сіз тауарларды курьерлік жеткізуді таңдаған болсаңыз, жеткізуші сіздің тапсырысыңызды курьерге аударғаннан кейін, сіз жеткізуді «Қазпочта» АҚ веб-сайтындағы трек нөмірі бойынша бақылай аласыз. Ол үшін «Жеткізуді қадағалау» батырмасын басыңыз. Портал сізді Kazpost веб-сайтының URL мекенжайына бағыттайды, мұнда сіз тауардың жеткізілімін бақылай аласыз.

 

         

Әлеуметтік қызметтер портал жұмысының алгоритмі
Дата публикации
01 ноября 2023