«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы»
Қарағанды қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 24/14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес, жаңа редакцияда бекітілсін.
Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов
_________________ К. Камзин
_________________ Л. Акильжанова
_________________ Д. Кудабаев
_________________ Р. Кожакапанов
_________________ Д. Кулекеев
_________________ Е. Оспанов
_________________ С. Поведа
_________________ Д. Шакенов
_________________ А. Егизгельдинов
Орын. Ж. Искаков
Орын. Ж. Искаков
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «02» сәуірдегі № 21/05 қаулысымен
бекітілген
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Егер, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) заңнамаға сәйкес әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілетті кәмелетке толған адамдарды шектеуге қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектерде әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
3) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;
4) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету;
5) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
6) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
7) Отбасының цифрлық картасы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету;
9) иппотерапия арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды абилитациялау және оңалту;
10) сәйкестік туралы декларацияны келісу;
11) «мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
13) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар балаларды мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
14) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
15) жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;
16) облыстың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
17) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
18) Ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
19) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
20) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталығымен өзара іс-қимыл жасау;
21) тұрғын үй сертификаттарын беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
22) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
23) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
24) Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
25) жергілікті өкілді органның шешімі бойынша атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмек көрсету, біржолғы төлем жасау;
26) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;
27) Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру;
28) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
29) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
30) ҰОС қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарды және оларға теңестірілген адамдарды, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне санаторий-курорттық емдеуге құжаттарды ресімдеу және жіберу;
31) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі қалалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
32) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
33) шарттардың орындалуына және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға, оның ішінде бөлінетін бюджет қаражатының игерілуіне тұрақты бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету;
34) әкімші болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелеріне қол жеткізу үшін жауапкершілік;
35) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, тиісті іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
36) іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес электрондық құжат айналымын және құжат айналымын жүргізу;
37) қолданыстағы заңнамада белгіленген заңнамаға және әкімшілік рәсімдерге, Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің дайындалатын құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі үшін жауапкершілік;
38) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, егер олар мемлекеттік мекеменің атына немесе қала әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімі аппараты басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімдерде келіп түскен болса, жауаптарды дайындау және жіберу;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ әкімдіктің актілерінде жүктелген өкілеттіктер шегінде «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің мүдделерін сотта ұсыну бойынша талап-арыз жұмысын жүзеге асыру, сот актілеріне уақтылы шағымдану жөнінде шаралар қабылдау;
40) егер мәселенің тиесілігі «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін болса, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына, сондай-ақ, Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдігінің атына енгізілген прокурорлық ден қою актілерін қарау, оларға жауаптар дайындау, сондай-ақ, олардың мониторингі мен мониторингін жүргізу талдаудың нәтижелері бойынша қала әкіміне бұдан былай анықталған бұзушылықтарды болдырмау үшін ұсыныстар дайындау;
41) іс бойынша тарап ретінде тікелей қатысқан сот азаматтық істерінің мониторингін жүргізу, сондай-ақ, кейіннен Қарағанды қаласының әкіміне ақпарат пен тиісті ұсыныстар бере отырып, сотқа талап қою беруге ықпал ететін себептерді анықтау мақсатында осы істерді талдауды жүзеге асыру;
42) мынадай құрылымдық бөлімшелердің жұмысын басқару және үйлестіру – Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы», Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі», Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлихан Бөкейхан ауданының үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы».
1) мемлекеттiк органдардан, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардан және азаматтардан мемлекеттiк органға жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға және алуға;
2) азаматтардың әлеуметтiк төлемдер мен төлемдердi тағайындау үшiн ұсынған құжаттарының дұрыстығына тексеру жүргiзедi;
3) заңнамада көзделген құзыретіне сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерге мониторинг және әзірлеу;
4) ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асыруға, қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тиісті шаралар қабылдауға;
5) көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық базасын жабдықтау бойынша ұсыныстар енгізуге;
7) Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын мүлтіксіз және тиісінше орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау;
8) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және баспа басылымдарында көрсетуді қамтамасыз ету.
1) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
4) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады – Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы», Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі», жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлихан Бөкейхан ауданының үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының» Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы»;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді тиісінше орындағаны үшін дербес жауапты болады;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлихан Бөкейхан ауданының үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.