«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің 18 түрін (3 - Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы, 14 - балама негізде, 1 – «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы) көрсетілетін қызмет беруші болып табылады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 24 071 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (65 909 қызмет) 41 838 қызметке немесе 63% - ға азайды.
Оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2943 (2019 жылы – 4648 қызмет) 1705 қызметке немесе 37% - ға азайды; электрондық форматта 1417 қызмет (2019 жылы – 7 қызмет) 1410 қызмет немесе 201% - ға ұлғайды (электрондық үкімет порталы арқылы 1417 қызмет көрсетілді).
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету үлесін арттыру мақсатында электрондық форматта қызметтер көрсету процестерін ғана емес, сондай – ақ, оларды танымал етуді, сондай-ақ қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік интернет-платформаларда халықты хабардар ету кестесін қамтитын электрондық нысанға көшуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы онлайн режимінде қызметтерді алу бойынша ғана емес, сонымен қатар ЭЦҚ алу бойынша да консультанттарды жедел сүйемелдеумен ұйымдастырылған.
Есепті кезеңде 452 дәлелді бас тарту ұсынылды (электрондық түрде – 386, қағаз түрінде - 66), оның ішінде:
«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша келесі себептер бойынша:
- кедейлік шегінен асып кету;
- учаскелік комиссияның шешімі;
- өтініш берушінің АӘК-тен бас тартуы.
Бұдан басқа, халықты хабардар ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, оның ішінде БАҚ арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілді, оның шеңберінде есепті кезеңде БАҚ-та материалдар жарияланды, семинарлар, Мемлекеттік қызмет көрсету нысандарын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар, мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер үшін оқыту семинарлары, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері және 772 адам қамтылған 64 іс-шара өткізілді.