Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 426 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 5454 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

Ж. Мұхтаров

 

      Қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Бексұлтанов

 

 

Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы "23" тамыздағы № 426
шешіміне 1 қосымша

       

 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

  1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.
  2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

 

Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы "23" тамыздағы № 426
шешіміне 2 қосымша

 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

№

 Атауы

1.

Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

2.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

3.

Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

4.

"Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының мамандары және өзге де салалардағы мамандар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).






© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
05 января 2021