Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 32 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда N 8-1-154 тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
  2. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы ХХХІV сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 368 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-115 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 шілдедегі N 080 (684) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XLIII сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы XXХIV сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 368 шешіміне толықтырулар енгiзу туралы" N 447 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-124 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 147 (751) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

V шақырылған



Қарағанды қалалық мәслихатының



кезектен тыс ІІ сессиясының



төрайымы

Л. Айтмағамбетова

Қарағанды қалалық



мәслихатының хатшысы

К. Оспанов

       Келісілді:  

       "Қарағанды қаласының  

       жұмыспен қамту және әлеуметтік  

       бағдарламалар бөлімі"  

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Ж. Ысқақов

      16.04.2012 ж.




 

Қарағанды қалалық мәслихатының
2012 жылғы 16 сәуірдегі
N 32 шешімімен
бекітілді

 Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

       Осы Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2, 10-2, 41-2, 97 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 29 желтоқсандағы N 1626 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 қаулысына сәйкес әзірленді, Қарағанды қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындайды.

  1. Негізгі ережелер
  2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.11.2019 N 461 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) коммуналдық қызметтер – бұл тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, кәрiздi, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды (сонымен қатар қатты отын), қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;

      3) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң дара (бөлек) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда, жылжымайтын мүлiкке меншiктiң нысаны;

      4) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) отбасы – некеден (ерлi-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септiгiн тигiзуге арналған мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттерге байланысты адамдар тобы;

      6) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      7) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

      8) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бiр бөлiгiн ақысын төлетiп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

      9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;

      10) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін беретін "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      11) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      12) шот - өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.04.2013 N 153 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi); 18.07.2018 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2019 N 461 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 шешімімен.

  1. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті-жол берілген шығыстар үлесі зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 4 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 6 пайызы мөлшерінде белгіленеді

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (01.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 07.08.2013 N 197 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.08.2014 N 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2019 N 461 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

  1. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау
  2. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      бір адамға көлемді газ:

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:

      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 98 килограмм көмірден артық емес;

      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 72 килограмм көмірден артық емес;

      жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Қарағанды қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;

      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан аспағанда;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспау керек;

      3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындары, басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сай тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға.

  1. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
  2. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.
  3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
  4. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен көрсетіледі.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
  2. алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
  3. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен әлде 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.
  4. Жанжалды, даулы немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
  5. Тұрғын үй көмегі сомасын артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.
  6. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі
  7. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанның соңына дейін мерзімге оны алу үшін өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады. Өтініш берген ай болып қосымша құжаттармен бірге өтініш берген ай есептеледі.

      Ескерту. 13 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
  2. Тұрғын үй көмегін көрсету кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
  3. Тұрғын үй көмегін алушыларға күнтізбелік он күн ішінде өзінің тұрғын үйінің меншік нысаны, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.
  4. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі
  5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 18.07.2018 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегі есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.

      Ескерту. 18 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Табыстары туралы тапсырылған құжаттардың дұрыстығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табыстары жөнінде ақпарат сұратуға құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      20-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 шешімімен.

  1. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiнабоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 20 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.11.2019 N 461 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      21-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 шешімімен.

  1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің арттырылуы бөлігінде байланыс қызметтеріне нақты есептелген төлем сомасынан аспауы тиіс.

      Ескерту. 21 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.11.2019 N 461 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.
  2. Өтініш беруші туралы мәліметтерді нақтылау үшін, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының (азаматтың) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасайды.
  3. Тұрғын үй көмегін төлеу
  4. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі.

      Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:

       1) алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

       2) алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.

      Ескерту. 24 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

  1. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
  2. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

 Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
өтініш

       Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

 

 Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

 Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы
анықтама

       Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

 

 Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

 Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы
анықтама

       Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

 

 Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

 20 __ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау
және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы
анықтама

       Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
Дата публикации
05 января 2021