Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы V шақырылған XLI сессиясының № 363 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 2898 болып тіркелді.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"  Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504  Қаулысына сәйкес әзірленген және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы бекітілсін.
  2. Қарағанды қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
  3. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 41 "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне азаматтардың жекелеген санаттарына жыл сайынғы біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-153 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 051 (957) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров) жүктелсін.
  5. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,



Қалалық мәслихат



хатшысының міндетін атқарушы

Ж. Мұхтаров



      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарағанды қаласының

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

       бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ж. Ысқақов

      2014 жылғы 27 қараша



Қарағанды қалалық мәслихатының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 363 шешімімен бекітілді

 Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидасы

  1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504  Қаулысына сәйкес әзірленіп және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
  2. Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетудің мақсаты халықтың әлеуметтік осал санаттарының өмір сүру деңгейін қолдау және осы мақсаттарға бағытталған бюджеттік қаражатты атаулы және ұтымды қолдану болып табылады.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – қиын өмірлік жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – айына отбасының әрбір мүшесіне келетін отбасының жиынтық табысының үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – өз бетінше еңсере алмайтын, азаматтың әрекет етуін объективті түрде бұзатын жағдай;

      7) өкілетті орган – "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) өкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Қарағанды қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.08.2016 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде қиын өмірлік жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушыларға) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) беретін ақшалай немесе заттай нысандағы көмек түсініледі.
  2. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының күші қолданылатын ардагерлерге және басқа да адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда 1 рет) көрсетіледі.
  2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) Наурыз мейрамы;

      3) Чернобыль АЭС-дағы апат күні;

      4) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;

      6) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

      7) Қарттар күні;

      8) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;

      9) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстық әкімдігімен бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

 2-тарау. Әлеуметтік көмек Алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Атаулы күндер мен мереке күндерінде әлеуметтік көмек Алушылар тізбесі:

      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Кеңес Армиясының, Әскери – Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде);

      оқу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңес әскери контингентке қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе мертіккен, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      Ауғанстанда әскери қызметті атқару кезiнде жаралану, контузия алу, мертігу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге;

      1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;

      Чернобыль АЭС-дағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған балаларына, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

      сәуле ауруының немесе мүгедек болудың салдарынан қаза болған, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен Чернобыль АЭС-дағы апаттың ықпалына байланысты болған адамдардың отбасыларына;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен), қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғандағы тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың (хабарсыз кеткен, қайтыс болған) қайталап некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына);

      жалпы ауруға шалдығу, еңбек ету кезінде мертігу нәтижесінде қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен Ұлы Отан соғысына қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;

      1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жанқирялық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне;

      "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға;

      75 жас және одан асқан адамдарға;

      Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;

      АИТВ жұқтырған балаларға;

      туберкулез ауруы бар адамдарға.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызудың негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табыс ең төмен күнкөріс деңгейінің 0,6 еседен аспауы негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.05.2015  № 452 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келген кезде азаматқа әлеуметтік көмек оқиға болған кезден бастап бір жылдың ішінде ұсынылады.
  2. Әлеуметтік көмектің шекті шамасы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.
  3. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
  4. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір уақытта бірнеше негізде әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаларға көмектің бір түрі көрсетіледі.
  2. Осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілген санаттар бойынша "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының және өзге ұйымдардың ұсынымымен атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.04.2019 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне өтінішке қоса мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі өтініш келіп түскен кезде "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
  2. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға  2,  3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жібереді.
  3. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
  4. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тиісті мәліметтерді қамтитын өзге өкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  5. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
  6. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
  7. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

       Осы Қағидалардың  21 және  22 тармақтарында көрсетілген жағдайларда "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекетік мекемесі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
  2. Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
    Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.08.2016 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
          27-1. Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
          Ескерту. Шешім 27-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.08.2016 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
          27-2. Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
          Ескерту. Шешім 27-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.08.2016 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
          27-3. Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
          Ескерту. Шешім 27-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.08.2016 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.04.2018 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

  3. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

 4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Әлеуметтік көмек:

      1) Алушы қайтыс болған;

      2) Алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

  1. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
  2. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

 5-тарау. Қорытынды ереже

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  1. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорларын пайдалана отырып жүргізеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.08.2016 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.



Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін
белгілеудің және Қарағанды
қаласындағы мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындау Қағидасына
1 қосымша

       Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

 Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

       _________________________ ________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с
№

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы



























       Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

       Отбасының құрамы туралы

      мәліметтерді куәландыруға өкілетті

      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________

       (қолы)



Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін
белгілеудің және Қарағанды
қаласындағы мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындау Қағидасына
2 қосымша

 Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.11.2020 № 592 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20___ жылғы "_____"

      ________________________________________________

      (елді мекен)

  1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      _______________________________________________________________________

  1. Тұратын мекенжайы ___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

  1. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

  1. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

  1. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      ______________________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6













  1. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      _______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

  1. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

  1. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________

      ______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

  1. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      ______________________________________________________________________

  1. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      ______________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ____________________________________________________

      Комиссия мүшелері: ___________________________________________________

      ___________________________ __________________________________________

      ___________________________ __________________________________________

      (қолдары)                               (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ________________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан __________________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ________________________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні ____________



Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін
белгілеудің және Қарағанды
қаласындағы мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындау Қағидасына
3 қосымша

 № ______ Учаскелік комиссияның қорытындысы

       20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін

      белгілеуддің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауынабайланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексерунәтижелерінің негізінде

       ________________________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты

      әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

       Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

       Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

       __________________ _______________________

       __________________ _______________________

       __________________ _______________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

       Қорытынды

      қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ___________ қабылданды

       Құжаттарды қабылдаған

      өкілетті орган қызметкерінің

      Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы
Дата публикации
05 января 2021