
Қарағанды қаласында үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 2 аудандық бөлімше жұмыс істейді:
* «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ (Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7 үй);
* «Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ (Қарағанды қаласы, 17 шағын аудан, 42 үй),
онда жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетіледі. Оларға арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі ұсынылады, бұлар әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек қызметтері және т.б.
Әлеуметтік қызметкерлер әрбір қызмет алушыға жеке жұмыстан басқа, дәрі-дәрмектердіжеткізіп беруге, азық-түлік сатып алуға,және басқа да көмек түрлерін алуға тұрақты түрде көмек көрсетеді, барлық атаулы және мереке күндерде қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады.
Әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметі келесі тұлғаларға ұсынылады:
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер мен қарт адамдарғакөрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не жеке сәйкестендіру нөмірі бар көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
4) балалар үшін – психологиялық медициналық педогогикалық кеңес қорытыңдысының көшірмесі;
5) Жеке басты куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы (мүгедектік болған жағдайда қарттар үшін), мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) әзірлеген іс-шаралар туралы (қарттар үшін ОЖБ болған жағдайда), психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамды сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп тану туралы (ОЖБ болған жағдайда), зейнеткерлік жас, Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагері жеңiлдiктер бойынша, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесінің болуы туралы ақпарат.
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдау «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де (Чкалов көшесі, 7 үй, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, анықтама телефондары 300169, 300228), «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚКО) немесе «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүргізіле