Мемлекеттік қызмет түрлерін электрондық үкімет egov.kz порталында үйден шықпай-ақ алыңыздар.
1. «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
2. «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
3. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;
«Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;
4. «Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;
5. «Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;
6. «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;
7. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»
Аталған қызметтерді алу үшін электрондық үкімет веб-порталының (egov.kz) басты бетінде «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөліміне өту, одан әрі «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөліміне өтуіңіз қажет. Сондай-ақ, Сізде электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы тиіс.