Қарағанды қаласында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды иппотерапия арқылы сауықтыру мен оңалту» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты: баланың белсенді және белсенді емес қозғалысын қалпына келтіру және жақсарту болып табылады. Баланың функционалды мүмкішіліктерін жақсарту. Ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға көмек.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық бюджет қаражаты есебінен осы әлеуметтік жоба "Turan el Qazaq Sport" ат клубының базасында «Arman asu» мүгедектер қоғамымен жүзеге асырылады.
Иппотерапия кезінде емдеу сенансы (сабақ түрінде) аттың көмегімен орындалады. Балалармен мамандандырылған иппотерапевт және атпен жүру нұсқаушысы айналысады. Бала иппотерапия маманымен оған арнайы әзірленген жаттығуларды орындайды.
Толық ақпаратты «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Чкалов көшесі, 7 үй, дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00. ден 18.30 дейін, сағ.13.00 ден 14.30 дейін түскі үзіліспен, немесе 95-55-83 телефон арқылы алуға болады.